Жұлдызды қалай кезіктіргені жайлы қоғам белсендісі айтып берді
Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті, қоғам белсендісі Бекнұр Кисиковтың сөзінше, оқиға Көктөбеде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көктөбеге дейін жаяу шығайын дедім. Бірақ орта жолда шаршап қалдым. Қолымды көтеріп, такси тоқтатып едім, қымбат көлік тоқтады. Ішімнен «рақмет саған, мейірімді адам» деп қоямын», – деп жазады Кисиков өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Оған жүргізушінің түрі таныс болып көрінгенімен, кім екенін нақты есіне түсіре алмаған.
«Кейіннен достарым оның Рамазан Стамғазиев екенін айтты. Көлікте отырғанымда кім екені есіме түспегені өкінішті. Себебі ол менің анамның сүйікті әншісі. Анам үшін әндері жиналған дисктерді жинап, кейбірін интернеттен жүктейтін кездерім де болған», – деп ойын бөлісті.