«Қайраттың әйелі сияқты жүрсе несі жаман?!»: Нұржан Төлендиев жұбайын сахнаға шығарды

Автор: Дәуренқызы Алма

Әртіс жан жарын мерекесімен құттықтады

Фото: видеодан кадр

Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің жары Ақнұр Тоқбілейева сахнаға шығып, «Алдараспан» театрының 15 жылдық мерейтойында өнер көрсеткен Мақпал Жүнісоваға ел алдында сый-сияпат көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мақпал Жүнісоваға сәлем салып, қазақи дәстүрге сай үстіне шапан жапты. Кейін гауһартасы бар жүзік сыйлады. 

«Бриллианттатып жатырсың ғой. Шашылмайтын едің, бүгін шашылыпсың ғой. Тойларыңа тегін келемін ғой онда», – деп жұртты күлдірді әнші.

Сол сәтті пайдаланып, әртіс өзінің жарын да мерекесімен құттықтап, гүл шоғын ұсынды. Әйелінің өнер адамы екенін айтып, алда сахнада шығып қалуы да мүмкін екенін жасырмады.

«Бұл кісі де Райымбек Сейтметов шәкірті болған. Өнерді бітірген. Драма мен эстрада бойынша білім алған адам. Енді балаларды ер-жеткізіп алсын, сосын Қайрат Нұртастың қатыны ұқсап жүрмей ме?! Несі жаман?!» – деді әзілкеш.