17.03.2025, 14:55
Жаңалықтар
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан күдіктіден 50 мыңнан астам sim-карта табылды (ВИДЕО)
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: Видеодан скрин
Жетісу облысында полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғысын пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тінту барысында 96 слоты бар жеті sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған деп болжанған ИЖ-53 маркалы екі пневматикалық тапаншасы және төрт армиялық каска тәркіленді.
«Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Биыл киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 64 sim-box құрылғысын анықтап, отандық ұялы операторлардың 90 мыңға жуық sim-картасын тәркіледі», - делінген ПД хабарламасында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.03.2025, 10:17
Шымкентте «алтын Назираның» зәулім үйінен бума-бума ақша мен 12 келі алтын табылды (ВИДЕО)
18.03.2025, 13:43
«Топтағы жалғыз қыз бала»: студенттер 8 наурызда бір құшақ гүл мен Айфон сыйлап, бойжеткенді жылатты (ВИДЕО)
18.03.2025, 16:22
«Мынау ұят болды»: «Қамажай» билеймін деген Ақбота Керімбекова күлкіге қалды (ВИДЕО)
18.03.2025, 20:40
Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевты тағы да сотқа берді
18.03.2025, 08:20
Туыстарының бейітіне зиярат етуге барған әйел сол жерде жан тапсырды