Алаяқтардың тағы бір әдісі әшкере болды
Астанада алаяқтықпен айналысқан арнайы сall-орталықтың заңсыз жұмысы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері елордалық бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық сall-орталықты анықтады. Қаскөйлер өздерін «Техносмарт», «Байзон», «Like me shop» интернет-дүкендерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көліктер мен пәтерлер сияқты ұтыстар туралы хабарлап, оларға салық төлеу қажетті туралы айтқан. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде кеңсенің алты қызметкері ұсталды.
«Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Күдіктілерден жеті ноутбук, маршрутизатор, wi-Fi роутер тәркіленді.
Егер сіз осындай алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, 102 нөміріне немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне хабарласыңыз», - делінген ПД хабарламасында.