Ақтауда зейнеткер 9-қабаттан құлап, көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Оқыс оқиға 16 наурызға қараған түні болды

Фото: istockphoto.com

Ақтауда 33 шағын ауданда 66 жастағы зейнеткер 9-қабаттан құлап, көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде 33-ші ықшамаудандағы №19 үйдің маңында жедел жәрдем мен полиция көліктері бейнеленген видео жарияланды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның көпқабатты үйден құлап кеткенін нақтылап, өлім фактісін растады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», - делінген ақпаратта.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі 16 наурыз күні сағат 00:43-те «биіктен құлау» туралы қоңырау түскенін хабарлады.

«Оқиға орнына бригада сағат 00:48-де жетті. Қоңыраудың диагнозы 66 жастағы ер адамның белгісіз себептермен қайтыс болуы. Ақпарат 102 қызметіне жіберілді», - деп хабарлады ведомство.