Семейде заңсыз ет сатқан цех анықталды: полиция барымташылармен күресуге кірісті

Автор: Дәуренқызы Алма

Қазақстанда мал ұрлығы 37 пайызға азайды

2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2025 жылдың екі айында бұл қылмыс 47,2 пайызға төмендеді. Былтыр осы мерзімде 217 мал ұрлығы тіркелсе, биыл 152 факт анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта республика аумағында «Мал ұрысы» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. 

Семей қаласынан 17 шақырым жерде ветеринариялық бақылаусыз және тиісті құжаттарсыз ет өңдеп, сатумен айналысқан заңсыз цех анықталды. Ол жерден 350 ірі қара, ет өнімдері, арнайы жабдықтар және 96 дана құлақ жапсырмасы тәркіленді. 

Шымкентте де осындай тағы бір цех әшкереленіп, 30-дан астам ірі қара мен 40 жылқы тәркіленді. Жетісу облысында еркін жайылымнан бес сиырды ұрлаған барымташы ұсталды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, барлық анықталған фактілер бойынша тексеру жүргізілуде және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.