Аида Әбікеева алтын алды
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында төртінші спортшымыз өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
63 келіде алғаш рет финалға шыққан Аида Әбікеева Таиланд өкілі Тананья Сомнуекке еш мүмкіндік қалдырмады. Қорғаныста жүрсе де, жерлесіміз қарсыластың әр қимылын бақылауда ұстап, дәл соққыларын дарыта білді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті отандасымызға берді.
Қос боксшы 2024 жылғы Азия чемпионатында да жолдары түйісіп, Аида басым түскен болатын.