Оқиға Германияда болған
Гера қаласында белгісіз ер адам трамвайда 46 жастағы әйелге шабуыл жасап, үстіне бензин құйып өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BILD басылымына сілтеме жасап.
Жолаушылар дереу арнайы түймені басып, көлікті тоқтатуға тырысқан. Сол сәтті пайдаланған қаскөй оқиға орнынан қашып кеткен.
Трамвай жүргізушісі жылдам әрекет етіп, өрт сөндіргіштің көмегімен жалынды сөндірген, алайда жәбірленуші ауыр күйік алған. Ол тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір полиция бұл істі «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша тергеп жатыр. Тергеу барысында қаскөй мен жәбірленушінің бір-бірін танитыны немесе танымайтыны анықталатын болады.