Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Автор: Дәуренқызы Алма

Спортшы үш дүркін әлем чемпионы атанды

Фото: instagram.com/tokayev_online

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтынды қоржынға Назым Қызайбай салғанын еске саламыз.