Әлем чемпионатындағы алғашқы алтын түсті
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтынды қоржынға Назым Қызайбай салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
48 келідегі Назым Қызайбай финалдық айқаста Ресей өкілі Юлия Чумгалаковамен кездесті. Қос спортшы да рингтің ортасын бермеуге тырысып, аянып қалмады.
Әйтсе де тәжірибелі Назым соққы алмасуда жылдамдық танытып, жекпе-жекті өз пайдасына шешті. Есеп: 5:0.