«Бұл эгоизм емес»: жақында ажырасқан Сәбина Алтынбекова ешкімнен рұқсат сұрамаудың маңызды екенін айтты

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол өзін тыңдау, өзін құрметтеу және өзгелердің пікіріне тәуелді болмау туралы жазды

Фото: @altynbekova_20/Instagram

Жақында ажырасқан қазақстандық танымал спортшы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі жаңа жазбасында өзін тыңдау, өзін құрметтеу және өзгелердің пікіріне тәуелді болмау туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Бұл – жай ғана сыртқы әсерге қарсы тұру емес, бұл – нағыз күш. Әйел өзіне ғана құлақ түргенде, жанының мәнін толық сезіне алады. Бұл – эгоизм емес, керісінше, өзін шынайы сүю мен құрметтеу. Онсыз ішкі тыныштық пен үйлесімділікке жету мүмкін емес», – деп жазды Сабина.

Ол ешкімнің рұқсатын немесе мақұлдауын күтпей, өзіндік болмысымен өмір сүрумаңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, әйел адам өзінің шынайы құндылығын сыртқы баға арқылы өлшемеуі керек.

«Ол өз өмірінде ненің маңызды, ненің маңызсыз екенін өзі таңдайды. Шектеулерден асып, өзіне лайық емес адамдардың пікірінен азат болады. Дәл осы ішкі тәуелсіздікте, өзіне адалдықта – ерекше жарқыл бар», – деп түйіндеді спортшы.

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық жарыстарда өзінің сұлулығымен әлемге танылған волейболшы Сабина Алтынбекова бес жылғы некесінен кейін заңды түрде ажырасқанын айтқан еді.