Қазақстанда салық төлеуден жалтарудың ірі схемалары анықталды

Автор: Дәулет Ботагөз

Талдау нәтижесінде 633 салық төлеуші анықталған

Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда салық төлеуден жалтарудың ірі схемалары анықталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Талдау нәтижесінде 633 салық төлеуші анықталған. Олардың қатарында:

  • 172 құрылыс компаниясы,
  • 102 сауда ұйымы және басқа да кәсіпорындар бар.

Аталған ұйымдарға салық салынатын табысты төмендету белгілері туралы хабарлама жіберілді.

Салық төлеушілерді анықтау кезінде келесі факторлар ескерілді:

  • • Төмен салық жүктемесі;
  • • Жеткізушілерде жалдамалы қызметкерлер мен активтердің болмауы;
  • • Арнайы салықтық режимдерді қолданатын жеткізушілерден қызметтерді сатып алу (егер есеп айырысу сомасы 150 млн теңгеден асса);
  • Өзіне тиесілі қызметкерлерден жұмыс пен қызметтерді сатып алу.

Қазіргі таңда Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің заң талаптарын сақтауын қадағалауды күшейтіп, заңсыз схемаларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.