Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Пхеньянда жалауын желбіреткен додада қазақстандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлде жеңіп алды.
89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, 357 келіні бағындырды. Алтын медаль алу үшін Нұрғисаға бір келі ғана жетпей қалды.
Дәл осы салмақта Оңтүстік Корея спортшысы Дахун Ем (358 келі) үздік атанса, КХДР өкілі Кум Ил Пак (354 келі) үшінші орыннан көрінді.