«Кішкентай балалары іште қалып қойған»: құтқарушылар көмекке келді (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Елордалық құтқарушылар екі баланы құтқарды

Фото: istockphoto.com

Байқоңыр ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде 2023, 2024 жылдары туылған балалар есікті бекіткішке жауып, пәтерде қалып қойған. Үйге кіре алмаған ата-ана құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік жабдықтың көмегімен 4 қабаттың балконына өтіп, балалар тұрған пәтерге кірді.

Балалар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Оларды ата-аналарының қолына тапсырды.