Көліктердің қозғалысы екі бағытта жүргізілді
Ауа райы күрт бұзылып, көліктер қар құрсауында қалған. 1000-нан астам автокөлік полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында межелі бағытын сәтті еңсерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, «Citic Construction Co» мердігер ұйымының арнайы техникасының және патрульдік полицияның қолдауымен автоколоннаның қауіпсіз қозғалысы ұйымдастырылды.
Көліктердің қозғалысы екі бағытта – Аягөз қаласынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін және кері бағытта жүргізілді.