«Бірге кітап оқиық»: жазушы Төлен Әбдік оқуға қандай кітап ұсынды (ВИДЕО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Елімізде «Бірге кітап оқиық» атты ауқымды кітап жобасы басталған еді

Фото: © istockphoto.com

Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдік «Бірге кітап оқиық» аманатын қабылдап, өзінің жан досы болған, жазушы марқұм Дулат Исабековтың «Қарғын» романын оқуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Шығарманың негізгі идеясы адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету.

«Кітап оқу арқылы адапның біліпі кеңейеді. Түсінігі артады. Интеллектуал деңгейі артады. Бастамаларыңыз өте жақсы екен», — деді жазушы.

Төлен Әбдік жоба ережесіне сай келесі кітапты анықтауды Қазақстан Республикасының Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа жолдады.

Айта кетсек, елімізде «Бірге кітап оқиық» атты ауқымды кітап жобасы басталған еді. Оның негізгі мақсаты - аудиторияның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ата-аналарды балаларымен бірге кітап оқуға шақырып, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқудан сауатты бәсеке орнату.