ШҚО тұрғыны үйімен бірге тірідей өртеніп кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Опат болған адамның 1989 жылы туғаны анықталды

Фото: ШҚО ПД

ШҚО-да 14 наурызда Гурьевская көшесінде жеке тұрғын үй өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 48 шаршы метр аумақты шарпыған өртті тез арада сөндірді.

Оқиға орнынан 1989 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.