Былтыр Павлодарда жоғалып кеткен бұқа СҚО-да аралдың ортасында жүрген жерінен табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жануардың «ангус» тұқымды бұқа екені анықталды

Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер суға батып бара жатқан түйені, бір жыл бұрын жоғалып кеткен бұқаны және бір үйір жылқыны тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Учаскелік инспектор Серік Әмірбеков пен малшылар Уәлиханов ауданында жоғалтып алған жылқыларын іздеп жүріп, қызық жағдайға тап болды.

әлиханов ауданында учаскелік полиция инспекторы Серік Әмірбеков пен табыншылар жоғалған жылқыларды іздеп жүріп күтпеген жағдайға тап болды. Қарда жүргіш техникамен жүріп отырып Селетітеңіз көліндегі аралдың адам аяғы бара алмайтын бөлігіне жетті.

«Сол жерден олар батпаққа батқан түйені көрді. Сол маңайда ботасын ерткен ұрғашы түйе де жүр екен. Жануарлар адамдардан қашқақтағанымен, батпақта жатқан жануарды тастай алмады. Адамдар ересек түйенің әлсіздігінен, оның бұл жерде жатқанына біршама уақыт болғанын байқады. Түйенің аяқтарын кезек-кезек тартып, полиция қызметкері мен табыншылар оны шығарып алды.

Түйелер әзірге еркіндікте. Полиция майоры Әмірбеков олардың иесін анықтады, бірақ ол жануарларды алып кетуден бас тартты.

Іздеушілер жоғалған жылқыларды да осы аралдан тапты, бұдан бөлек, бұл жерде «ангус» тұқымды бұқа да жүр екен. Сыртқы белгілеріне, салынған таңбасына қарап полиция қызметкері мен табыншылар жануардың Павлодар облысының тұрғынына тиесілі екенін түсінді. Өйткені бұқа бір жылға жақын уақыт бұрын жоғалып кеткен. Иесіне жоғалған түлігінің табылғаны туралы хабарланды. Кейін ол Уәлиханов ауданының тұрғындары мен учаскелік инспекторға алғысын айтып, жануарды алып кетті», - делінген облыстық ПД хабарламасында.