Қазақстандық төрт боксшы қыз әлем чемпионатының финалына шықты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жартылай финалда соңғы болып рингке Аида Әбікеева шықты

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық төрт боксшы қыз Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Финалға шыққандар – Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі) және Аида Әбікеева (63 келі).

Жартылай финалда соңғы болып рингке шыққан Аида Әбікеева ресейлік Елена Бабичеваға қарсы кездесуді сенімді өткізді.

Аида жекпе-жек барысында басымдыққа ие болып, нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.