Коронавирустың қайтыс болғандардың саны 41 адамға жетті
1 маусым күні түнде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы бір адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.
«Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды. Ол 1967 жылы туған азамат. Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген комиссияның ақпаратында.
Өкінішке қарай, осымен Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен көз жұмғандардың саны 41 адамға жетіп отыр. Коронавирус тіркелгеннен бері Қазақстанда 10 800-ден астам адамнан вирус табылған. Олардың тең жартысы аурудан аман-есен айықты.