Тұман, көктайғақ, боран болады
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, қар жауып, боран соғады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар мен Семейде жолдарда көктайғақ болады.
Алматы, Атырау, Қызылорда облыстарында тұман күтіледі.
Өскеменде, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, тұман, жел болады.
Қостанай, Петропавл, Көкшетау қалаларында, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ болады.