Астанада жарты миллионнан астам адам бизнесте жұмыс істейді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Өткен жылы ШОБ субъектілерінің саны 8,5%-ға өсіп, 250,5 мыңға жетті

Фото: istockphoto.com

Астанада жарты млн-нан астам адамның бизнесте жұмыс істейтіні анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжановтың айтуынша, шағын және орта бизнес елорданың жалпы өңірлік өнімінің үштен екісінен астамын қалыптастырып, 521,5 мың адамды жұмыспен қамтып отыр, бұл – қаланың экономикалық белсенді халқының 70%-ын құрайды.

Спикердің айтуынша, өткен жылы ШОБ субъектілерінің саны 8,5%-ға өсіп, 250,5 мыңға жетті.

«Елордада әлеуметтік кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Қалада 835 кәсіпкердің 175-і әлеуметтік кәсіпкер ретінде тіркелген, бұл – республика бойынша ең жоғары үлес. Негізгі бағыттары: мектепке дейінгі білім беру, ерекше балаларды оңалтуға арналған түзету орталықтары», - дейді Халел Әкімжанов.