Шектеу ауа райының нашарлауына байланысты енгізілді
Ауа райының бұзылуына және көрінудің нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 12 наурыз сағат 11:30-да Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығында барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
«Шектеу ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлеріне енгізілді.
Жолды кешкі сағат 18:00-ге дейін ашу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.