Су тасқынының алдын алу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр
Атырау облысының Индербор кентінің Болашақ ықшам ауданында күннің күрт жылынып кетуіне байланысты еріген қар суы жергілікті тұрғындарды әбігерге салды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «АқЖайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ақпанның аяғы мен наурыздың алғашқы күндері қар мол жауып, ол еріп кетті. Аяқ басар жер қалмады, су айдынға айналды, үйлерге қауіп төнді. Баспанамызды аман алып қалу үшін жұртшылық жұмыла жұмыс істеді», - дейді тұрғындар.
Қар суын бұру, оны сору жұмыстарына су соруға арналған үш техника, сегіз мотопомпа пайданылды. Бұдан бөлек 20 жұмысшы еңбек етті.