Жетісу облысында итті аяусыз атып өлтірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
Оқиға Жетісу облысының Көксу ауданында болды

Жетісу облысында жеке аумақта жүрген итті асқан жауыздықпен атып өлтірген адамның үстінен полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Жетісу облысының Көксу ауданында болды. Жеке аумаққа көлігімен кірген ер адам аулада жүрген итті мылтығымен бірнеше рет атып өлтірді.
Жергілікті тұрғындар жазықсыз жануарды асқан жауыздықпен өлтірген адамның үстінен іс қозғауды талап етті.
Оқиғаға қатысты Жетісу облысының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.
«Полиция жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Құрметті, облыс тұрғындары мен қонақтары! Жануарларға қатыгездік танытуға жол берілмейтінін және заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз. Мұндай жағдайларды білсеңіз, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз», - дейді Полиция департаменті.