Жер сілкінісі Райымбек ауданының аумағында тіркелген
Бүгін, 31 мамыр күні сағат 11:57-де Алматы облысында жер сіклінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сейсмологиялық тәжірибе және әдістеме экспедициясы мекемесінің мәліметіне сілтеме жасай отырып.
Жер сілкінісінің кіндігі тауда, Алматы қаласының шығысынан 235 шақырым жерде, Алматы облысы Райымбек ауданының аумағында тіркелді.
Жер сілкінісінің энергетикалық классы 10.5-ке тең. Магнитудасы - MPV 4.3. Жер сіклінісі 20 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі халыққа мүлде сезілмегені хабарланып отыр.