«Астана Опера» театрына жаңа директор тағайындалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол 2013 жылдан 2019 жылға дейін «Астана Опера» театрында қызмет еткен

Фото: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

Александр Совостьянов «Астана Опера» директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева танымал театр қайраткері Александр Совостьяновты «Астана Опера» басшысы етіп тағайындады.

  • Ол 2013 жылдан 2019 жылға дейін «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында директордың байланыс және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
  • 2019 жылы «Астана Балет» театрының директоры болып тағайындалып, онда алты жыл еңбек етті.
  • Медиа-индустрияда, оның ішінде «Нұр Медиа» холдингінде, Эра ТВ телеарнасында (жетінші арна) және Астана телеарнасының құрамына кіретін Үлкендерге арналған радио компаниясында жұмыс істеді.