Әзірге, курорттық аймаққа үш бағыттағы пойыз қатынайды
Алакөл көліне баратын бағыттағы пойыздарға билет сату басталды. Бүгін «Қазақстан темір жолы компаниясы» дәл қандай пойыз дәл қай күннен бастап жүретінін хабарлап отыр.
Компанияның баспасөз қызметі жіберген ақпаратқа сүйенсек, көлге баратын пойыздардың бірінші кезеңі 1 маусымнан, екінші кезеңі 10 маусымнан басталады.
«Алакөл көліне дейін баратын бірнеше бағыттағы пойызға билет сату басталды. Атап айтсақ, 02.06.2020 бастап, №22-21 Қызылорда-Семей бағытындағы пойыздың құрамындағы «Алматы-Достық» вагондарына және №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» бағытындағы пойыздарға билет алуға болады. Бұл пойыздар күнара жүреді. Бұнымен қатар, 02.06.2020 бастап, №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» және №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» бағытындағы пойыздың вагондарына күнара және 12.06.2020 бастап аптасына екі рет жүретін №54/53 «Нұр-Сұлтан-Достық» пойызына билет алуға болады», - деп хабарлады «ҚТЖ-ның» баспасөз қызметі.
Егер, Алакөлге деген сұраныс тіпті арта түссе, бірақ, эпидемологиялық жағдай мүмкіндік берсе, теміржол компаниясы тағы бірнеше пойыз іске қосылуы мүмкін екенін хабарлайды.
Яғни, №13/14 «Алматы - Достық» пойызы аптасына үш рет, №258/257 «Нұр-Сұлтан - Достық» пойызы аптасына екі рет, №453/454 «Алматы - Достық» прйызы аптасына үш рет, «Семей - Шар - Достық» бағытындағы №457/6941//6942/458 пойыздары және «Өскемен - Шар – Достық» бағытындағы №459/6941//6942/460 пойыздар күнара жолға шығуы мүмкін.