Әншінің концерті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған
Шымкентте танымал әнші Садраддиннің концертіне жиналған жастар бірін-бірі таптап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің концерті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған.
Оқиғаның барысы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушыларының бірі концерт өткен алаңдағы оқиғаның видеосын жариялады.
«Бүкіл Шымкент Садраддиннің концертінде жүргендей әсер қалдырды. Бәрі толқын сияқты итеріліп жатыр», - деп жазды видео авторы.