Маңғыстау облысында жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жедел жәрдем мен ВАЗ көлігі соқтығысып қалған

Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысында жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Lada.kz мәліметінше, оқыс оқиға 10 наурыз күні Жетібай-Мұнайшы тасжолында болды. Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.

«ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.