Олардың биіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді
АҚШ-тан Қазақстанға келген әйел адам тойда бидің түбін түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақ тілін үйреніп жүрген америкалық бишілер тобымен би нөмірін дайындады. Айтуынша, биші қыздар орыс тілінде сөйлегендіктен қимыл-қозғалысын аса қатты түсіне қоймаған.
«Қазақтың тойы бітпесін», - деп жазды жазды Rocky Journeys.
Олардың биіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Америкалық қыз емес, біздің қыздардың киімдері ұят боп тұр ғой», «Әдемі қозғалып жатырсыз», «Осылай билейтін қыздарды тойға шақырмау керек сияқты», «Біздің бишілерге қарап отырып ұяласың», «Осылай билеткенді ұнатпаймын, басқа ойын жоқ па?», «You were FANTASTIC, SPECTACULAR», - деп жазды желі қолданушылары.