Тағы да орман өрті: алапат жалынға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қызыл жалын тұрғын аудандарға қауіп төндіріп тұр

Фото: istockphoto.com

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының маңында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, орман өрті Лонг-Айленд аралында тұтанған. Қызыл жалын Дженифер Лопес, Алекс Болдуин, Стивен Спилберг сияқты танымал тұлғалар тұратын аудандарға қауіп төндіріп тұр.

Өрттің алғашқы ошағы жергілікті уақыт бойынша 13:00-де тұтанған. Алапат жалынның салдарынан өрт сөндірушілердің бірінің бетін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.