«Түнде күтемін»: танымал актер әзілдеймін деп жұрттың сынына ұшырады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Актердің бұл әзіліне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді

Фото: Видеодан скрин

Танымал актер, «Шаншар» театрының әртісі Нұржан Құлшынбаев әзіл ретінде видео түсіремін деп сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода актер фильмдердің біріндегі үзіндінің дауысын салады.

«Сенің көңіліңді табуға уақытым жоқ. Сіз сымбаттысыз, мен одан да асып түсемін. Түн ортасында сізді күтемін», - дейді Нұржан Құлшынбаев.

Актердің бұл әзіліне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Ал керек болса», «Қатырады екен», «Ораза қабыл болсын!», «Қатты әзілдеп қояды екенсің», «Келіспейтін нәрсені неге шығарады», - деп жазды желі қолданушылары.