«Атырау» қиындығына қарамастан алғашқы кездесуде жеңіске жетті
Қазақстанда «Атырау» мен «Қызылжар» футбол командалары көк тиынсыз қалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Владимир Жарковтың мәліметінше, клубтардың ойыншылары, бапкерлер құрамы мен қызметкерлері жыл басынан бері жалақыларын алмаған. Ол сондай-ақ маусымның басталуына дайын болмаған «Мұнайшы» стадионының жағдайы да растады.
Қиын жағдайға қарамастан, ҚПЛ-дің бірінші турында «Атырау» «Елімайды» 2:1 есебімен ұтып, маусымды маңызды жеңіспен бастады. Дегенмен қаржылық мәселелер шешімін таппағандықтан, команданың болашағы бұлыңғыр болып тұр.