Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

Автор: Дәулет Ботагөз

Жер сілкінісінің күші 2 баллды құрады

Фото: depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар Шығыс Қазақстан облысыаумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 наурыз күні Астана уақытымен 08:29-да Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Зайсан қаласынан 48 шақырым қашықтықта, таулы аймақта болды. Жер сілкінісінің қарқындылығы Зайсан маңында 2 баллды құрады», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.