Гүлге толы арба жұрттың назарын аударды
Танымал блогер гүлге толы ақ боз аттар жегілген арбамен елорда көшесінде жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқырмандар оны «ақ ханзадаға» балап, оның бұл әрекетіне тамсанды. Ақ боз аттар жегілген арбада бір емес, бірнеше гүл шоғы бар.
«Ақ боз атпен бірінші анаңа, сосын сүйіктіңе апарғанда керемет болар еді», «Міні еркек, қаласа, жасайды», «Қандай керемет көрініс», «Ақ боз атты ханзада», – деп жазады желі қолданушылары.