АҚШ-та Трамптың саясатына қарсы мыңдаған адам көшеге шықты

Автор: Дәуренқызы Алма

Вашингтонда көтерілгендер оның ғылым саласындағы өзгерістеріне қарсы

Фото: скриншот

АҚШ-та мыңдаған адам Дональд Трамп әкімшілігінің ғылымды қаржыландыруды қысқартуға қатысты шешіміне қарсылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «РИА Новости» порталына сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілер Вашингтондағы Линкольн мемориалының алдына жиналып, Трамптың саясатын сынға алған плакаттар көтерген. Сонымен қатар олар Илон Масктың Үкіметтік тиімділік департаментін жабуды талап етеді.

Хабарланғандай, шерулер АҚШ-тың бірнеше ірі қаласында да өтіп жатыр.