«Негізі ондайым жоқ»: Жазира Байырбекова шу шығарды (ВИДЕО)

Автор: Дәуренқызы Алма

Әнші визажистердің біріне өкпелегенін айтты

Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Жазира Байырбекова бағдарлама түсірілімі алдында бет әрлеушінің немқұрайлығына ашуланып, сөзге келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің ашуланып, сөзге келуім – өте сирек құбылыс. Екі жылда бір болатын шығар, бірақ осы бағдарлама түсірілімінің алдында бет әрлеушімен сөзге келдік. Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарап, маған «бетіңізді жақындатыңыз, үстелге жақын отырыңыз» деп дөрекілік көрсетіп, «Тұмар» ансамблін қабылдамай, телефон қарап отыр. Содан басталды бәрі», – деді әртіс.

Желі қолданушылары оны қолдап, сабырға шақырды.

«Сізге сабыр берсін», «Мұндай қызметкерлерді жұмыстан қуу керек», «Бағдарламаның атын неге айтпайсыз? Айту керек», «Намысшыл болсаң, сондай болады», – деп жазады пікір білдірушілер.