Гүл сатушылары қала әкімшілігімен жұдырықтасқан
Санкт-Петербургте заңсыз гүл саудасына қарсы рейд кезінде гүл сатушылар мен қалалық әкімшіліктің мүлікті бақылау комитетінің қызметкерлері арасында төбелес болды. Бұл туралы комитет баспасөз хатшысы Анна Супитылева мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 наурыз күні «Проспект Большевиков» метро станциясы маңында мимоза мен қызғалдақ сатушыларға қатысты тексеру жүргізілген. Алайда саудагерлер бұл шараға наразы болып, әкімдік қызметкерлерімен сөзге келген, жанжалдың арты төбелеске ұласты.
Оқиға барысында сатушылардың бірі мүлікті бақылау комитетінің қызметкерін итеріп жіберіп, оның заңсыз сауда нүктесіне жақындауына жол бермеген. Қазіргі таңда жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.