Мұндай шешім ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты қабылданды
6 наурыз күні кешке Астанада қала маңындағы жеті бағыт бойынша автобус қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ауа райы жағдайының нашарлауына және тас жолдардың жабылуына байланысты қала маңындағы № 59, 308, 309, 315, 316, 317, 327 маршруттары уақытша тоқтатылды», - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.