Риддерде көшедегі иттер оқушы қызды талаған

Автор: Дәуренқызы Алма

Мектепке бара жатқан жерінен бас салған

Фото: istockphoto.com

Желіде мектеп маңында қаңғыбас иттердің оқушыға бас салғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Nayza Kokshe басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 6 наурыз күні болған. Екінші ауысымдағы сабаққа бара жатқан оқушы қызға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған. Жануарлар оның бетін, қолы мен аяғын тістеген.

«Бала иттерді жақсы көреді, оларды қалай ұстау керектігін біледі және ешқандай агрессия көрсетпеген. Сұмдық қой! Қашанға дейін жалғасады?! Қашан нақты шаралар қабылданады?! Балаларды көшеге шығаруға қорқамыз!» – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаға қатысты хабарлама түскенін растады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.