Бес жасөспірім алдымен қызды ұрып-соғып, кейін электр пойызында зорлаған

Автор: Дәуренқызы Алма

Айыпталушылар қатарынды 13-16 жасар жасөспірімдер

Фото: istockphoto.com

Мәскеу облысындағы қала маңындағы пойызда бес жасөспірім қыз зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «РЕН ТВ» арнасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 28 жастағы бойжеткен түнде Щёлково станциясында электр пойызға отырған. Басында ол вагонда жалғыз болған, кейін 13 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім кіріп, оған тиісе бастаған.

Олар ұятты сұрақтар қойып, бірге пойыздан түспесе, зорлаймыз деп қорқытқан.

Жасөспірімдер көшеде жәбірленушіні ұрып-соғып, келесі пойызға мәжбүрлеп отырғызып, дәретханада жабылып зорлаған. 

Содан кейін қаскөйлер қызды өздерімен бірге пәтерге алып кетіп, зорлық-зомбылықтарын жалғастырған.