Әнші Қанай жұбайына 8 наурызға 3 млн теңгенің сыйлығын беретін болды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Әнші не сыйлайтынын құпия күйде қалдырды

Фото: Instagram/qanay.913

Танымал әнші Нұрболат Қанай 8 наурыз мерекесі күні жұбайына құны 3 миллион теңгенің затын сыйға тартатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші мерекеге арналған жоспары туралы «Revue news» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Құны қымбат (ред. – сыйлық) болады. Бірақ не сыйлайтынымды айта алмаймын. Күшті бір сыйлық дайындадым. Құны 3 млн теңге деп айтайыншы. Ол не екенін айтпаймын», - дейді әнші Қанай.