«Жетісу» футбол клубының директоры ақша ұрлаймын деп 7 жылға сотталып кетті

Автор: Асыл Арман

Ол футболшылардың тамағына бөлінген ақшаны қолды еткен

Фото: Видеодан скрин

«Жетісу» футбол клубының директоры 30 млн теңгеден аса ақша ұрлаймын деп 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикор мәліметінше, Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Донсебаевқа қатысты үкім шығарды.

«Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлайды Антикор.