Олар танымал ЖОО-лардың куәлігін жалған жолмен жасап алған
Маңғыстау облысында білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалған екендігі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, «Ә» есімді педагог 2024 жылдың наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдаланып, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс істеген.
Осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.
«Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.