Ол мұны тәрбиелік мақсатта жасағанын айтады
Токио маңындағы муниципалды балабақша директоры баланың су бөтелкесіне зәр құйды деген күдікке ілінді. Бұл туралы The Mainichi басылымы жергілікті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Баланың анасы үйге келген соң, оның бөтелкесіндегі судың түсі біртүрлі екенін байқаған.
24 жастағы балабақша директоры бөтелкенің ішінде шын мәнінде несеп болғанын мойындады. Оның айтуынша, бұл әрекет арқылы ол баланы өзіне бағындыруды көздеген.
Баланың суды ішкен-ішпегені белгісіз. Балабақша тергеу аяқталғанға дейін жабылды.