Жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ресейдегі Түмен облыстық №2 клиникалық аурухнасының неврология бөлімінде медбикеге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Газета.RU басылымына сілтеме жасап.
Оқиға кезінде 17 жастағы науқас өзін агрессивті ұстап, медициналық қызметкерді ұрып-соққан. Бұған дейін жергілікті тұрғын жасөспірімнің қауіпті мінез-құлқы туралы хабарлап, оны оқшаулауды сұраған. Алайда ол тәртіпке бағынбай, кішкентай балалар жатқан палатаға жүгіріп кіріп, басымен терезені сындыра бастаған.
Ауруханада өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген медицина факультетінің студенттері оны тыныштандырды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның болғанын растады. Жасөспірімге қатысты «Зорлық-зомбылықпен жасалған бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.