Павлодарда өгей әкесі ұлын үстелді жинамағаны үшін ұрып-соққан

Автор: Дәуренқызы Алма

Ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды 

Фото: видеодан кадр

Павлодарда ер адам өгей ұлын үстелді жинамағаны үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

4 наурызда үйінде кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғу дерегі анықталды. Бастапқыда анасы заңды өкіл ретінде шағым түсіруден бас тартқан. 

Оның да әрекетін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы қарайтын болды. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, балаға қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.