Жол тәртібін бұзған адамды қуалаймын деп полицейдің өзі мерт болды

Автор: Дәуренқызы Алма

Жол апатынан тағы 6 адам жарақаттанды

Фото: Полиция департаменті

Түркістан облысында патрульдік полиция инспекторы Қанат Ғабитов қызмет бабында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 5 наурызда Жібек-Жолы – Жетісай тас жолында орын алды. Полиция экипажы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген тәртіп бұзушыны қуған кезде апатқа ұшыраған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қанат 
Ғабитов оқиға орнында көз жұмды, ал тағы алты адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовмарқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.