Тағы да Талғар: атышулы ауданда ондаған мүгедек адам протезін ұзақ уақыт ала алмай келген

Автор: Асыл Арман

Прокуратура арқылы заңсыз әрекеттер анықталды

Фото: istockphoto.com

Талғар ауданында мүгедектігі тар жандарды протездік-ортопедиялық құралдармен уақытылы қамтамасыз етпеу деректерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, 19 мүгедектігі бар баланың ата-аналары және 4 мүгедектігі бар ересек тұлға протездік-ортопедиялық құралдарын алуға өтінішті өткен жылдың сәуір айында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берген.

Бұл қаражаттың өмірлік маңыздылығына қарамастан, мердігер ұйым тапсырыстарды орындау мерзімдерін бұзып, қажетті өнімдерді жеткізбей, азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкелді.

«Прокурорлық қадағалау шараларының арқасында мүмкіндігі шектеулі 23 тұрғынның барлығы тиісті оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.

Басқа жағдайда Алатау қаласының прокуратурасы 101 мүгедектігі бар тұлғадан көлікке салық төлемдерін өндіріп алу және 6 млн теңгеге әлеуметтік аударымдарды ұстап қалу деректерін тоқтатты. Олардың құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура қадағалау актісін енгізді, ол бойынша артық төленген сомалар қайтарылады», - делінген прокуратура хабарламасында.